Толеген Аружан Толенкызы : другие произведения.

Абай Құнанбаевтың "19 қара сөзiндегi" естiлiк пен бiлiмдiлiкке қандай адам жетiп, қалай жүзеге асырылады

Самиздат: [Регистрация] [Найти] [Рейтинги] [Обсуждения] [Новинки] [Обзоры] [Помощь|Техвопросы]
Ссылки:


 Ваша оценка:

  Шын хакiм, сөзiн асыл - баға жетпес
  Бiр сөзiң мың жыл жүрсе дәмi кетпес - деп Алаш көсемi Мағжан Жұмабаев Абай есiмi, Абай үнi мәңгi қазақ жүрегiнде ерекше орын алмақ. Абай шығармаларының iшiндегi, менiң ойымша, ең құндысы ол - қара сөздерi. Неге десеңiз, бұл шығармаларында Абай көпщiлiк оқушы, тыңдаушысыменен әңгiмелеседi. Және сол үстiнде адамгершiлiк мәселелерiнен: әдiлет, ақтық, турашылдық, шыңдықты сүйгiштiк, ғылымға құштарлық сияқты жайларды айтады.
  Мәселен, 19 сөзiн алайық, бұл қара сөзiнде Абай естiлiк пен бiлiмдiлiкке ден қойған. "Адам ата-анадан туғанда естi болмайды: естiп, көрiп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегi жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан бiлгенi, көргенi көп болған адам бiлiмдi болады..." Шынымен де, Абайдың ұлы ақын болуы ең алдымен оның туа бiткен дарынына байланысты болса, содан соң оның өскен ортасына, бала кезден алған тәрбиесi мен оқып-тоқығанына байланысты. Ес бiлiп, тiлi шыққан кезден бастап ол қазақ әнi мен өлеңiн, не бiр аталы да шұрайлы сөзiн естiп, көптi көрген дана әжесi Зере мен тұқымына шешендiк, ақындық өнерпаздық дарыған шешесi Ұлжанның тәрбиесiн алып, кестелi сөздерiн құлағына құйса, топ алдында жаңылмай сөйлейтiн Құнанбай мен басқа да ру басшыларының даулы да билiк сөздерiне ден қойса, аулына келген қонақтар мен жолаушылардың әңгiмелерiн, естелiктерiн зор ынта қойып тыңдады, бойыңа сiңiрдi. Естiлiк пен бiлiмдiлiктi Абай өз ортасынан ғана емес,шығыс жұлдыздары, Байрон, Гете сияқты батыс ақындары, оларға жалғас орыс қаламгерлерi - сонау Крыловтан бастап, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Салтыков - Щедриндердiң қазақтың жалғыз классигi солардың барлығына шәкiрт болып шығады.
  Қорыта айтқанда, адам баласына естi, бiлiмдi болу үшiн бар жағдай бар оны жанынан iздей ме, әлде бiлiм кенiн қаза ма оны адам өзi шешедi. Алайда, адам оны бiлiп түсiнуге тұшынбаса онда бар қақпа жабылады.
 Ваша оценка:

Связаться с программистом сайта.

Новые книги авторов СИ, вышедшие из печати:
О.Болдырева "Крадуш. Чужие души" М.Николаев "Вторжение на Землю"

Как попасть в этoт список
Сайт - "Художники" .. || .. Доска об'явлений "Книги"